«QazVac» вакцинасы Ақтөбе облысына жеткізілді

«QazVac» вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енді.

Қауіпсіздігі тексеріліп, вирусқа қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыратыны дәлелденді. Отандық ғалымдар еңбегінің жемісін өңірлерде қалай қабылдап жатыр?

Мансұр Есқожин, тілші:

– Біз қазір облыс орталығындағы нөмірі алтыншы емханадамыз. Қазақстандық вакцина мұнда бүгін таңертең жеткізілді. Дәл қазір мамандар қабылдап алуда. Содан соң алғашқы пациенттерге егіледі. Медициналық мекеменің бас дәрігерінің айтуынша, препаратты тасымалдау және сақтауда ешқандай қиындықтар туындамауы тиіс. Себебі отандық вакцинаны жеткізу үшін күрделі тоңазытқыш қондырғылар қажет емес. Жалпы препарат туралы дәрігердің өзінен анықтағанымыз жөн болар.

Әдеттегідей екпе салу бөлмесіне пациент пен дәрігер және медбикенің ғана кіруіне рұқсат бар. Сондықтан осы жерден әрі аса алмаймыз. Ал бұл бөлмеде вакцина салдыруға келіп отырғандар бар екен.

Екпе облыс орталығындағы барлық медициналық мекемелерге үлестірілді. Сондықтан бұған дейін қауіпті дертке қарсы екпе салдырмаған жан кез келген уақытта мекенжайы бойынша тіркелген емханаға бара алады.