Ақтөбеге екі мың дана QazVac вакцинасы жеткізілді

«КазВак» вакцинасын 4-5 күн ішінде ақтөбеліктер де салдыра алады.

Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, өңірге 2 мың дана препарат жеткізілген. Мамандар тиісті сертификаты мен құжаттарын күтіп отыр. Әзірге облыс орталығындағы барлық медицина мекемелеріне үлестіріліп жатыр. Бұған дейін өңірге ресейлік «Спутник V» препаратының 80 мың дозасы жеткізіліп, 32 мың адамға егілген. Әзірге ресейлік вакцинаны салу одан әрі жалғастырылады. Сондықтан бұған дейін қауіпті дертке қарсы екпе ектірмеген жан кез келген уақытта мекен-жайы бойынша тіркелген емханаға барып, өтініш білдіре алады.

Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 2 мың «КазВак» вакцинасы келді біздің облысымызға. Қазір емханаларға таратылуда. Амандық болса, осы КазВакты, жұмысымызды бастаймыз осы жетіде. 14 800 спутник В вакцинасы жеткізілді осы демалыс. Біз осыны қабылдап, халыққа енгіземіз.