Сарышаған полигонында Ресейдің зымыраны сынақтан өтті

Сарышаған әскери полигонында тағы бір ресейлік зымыран сынақтан өткізілді. Көрші елдің әуе-ғарыш күштері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің кезекті зымыранын сынап көрді.

Ақпаратқа сәйкес, барлығы сәтті өткен. Былтыр да тап осы полигонда дәл осы әскери құрылым өз зымырандарын ұшырған. Ол кезде де барлығы ойдағыдай болған.