429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шекарадан өткенде сауалнама смартфонмен толтырылады – Министр

  • 86
  • UPD: 23:36, 26.04.2021
Шекарадан өткенде сауалнама смартфонмен толтырылады – Министр

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан шекарасына өткенде енді сауалнама смартфонмен толтырылатынын айтты.

Бұл туралы министрі өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Ресейден Қазақстанға қайтар жолдағы шекарада біздің елге қарай өткендерге сауалнама толтыруды сынақтан өткіздім. Бір айта кетерлегі, осы уақытқа дейін сауалнамалар қағазға толтырылып келді. Енді мұндайға жол берілмейді. Қызметкерлер күн сайын жүйеге 1000 қағаз сауалнаманың мәліметтерін енгізеді екен! Қолмен! Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ, тек QR кодын сканерлеп, смартфоннан сауалнаманы толтырыңыз! Веб-ресурс қолжетімді, онда тұтынушы сауалнаманы алдын ала толтырады. Мұндай қызметтер Еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылды. Тек QR-кодты сканерлеп, сауалнаманы толтырып, өтіп кетесіз. Эпидемиологтар жұмыстан кейін отырып, мәліметтер базасын толтырудың орнына сол уақытын туыстары мен достарына арнаса дейміз!», - деп жазды Б.Мусин.

Хабар 24 телеарнасы