Бүгін елордадағы «Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді.
Бұл туралы Терроризммен күрес жөніндегі қалалық шұғыл штаб хабарлайды.
«Биылғы жылғы 27 сәуір күні, сағат 08.00-ден 11.00-ге дейін Терроризммен күрес жөніндегі елордалық шұғыл штаб «Алау» мұз сарайының аумағында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр», - деді штабтан.
Іс-шараның мақсаты террорлық көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актілерінің салдарын азайту және жою бойынша міндеттердің орындалуына штабтың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтерден тұратын жауынгерлік қимылдарға барынша жақын.
Шектеу шаралары, сонымен қатар «Алау» мұз айдыны сарайы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша да қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
«Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген Штаб хабарламасында.