429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысын қарады

  • 87
  • UPD: 10:55, 27.04.2021
Үкімет жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысын қарады

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жеке тұлғаларды жалпыға ортақ декларациялауды енгізу барысы қаралды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.

Жалпыға ортақ декларациялауды енгізу 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-қадамында қарастырылған. Бұл шара жеке тұлғалар кірістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар үшін жалпыға ортақ декларациялауды енгізудің бірінші кезеңі басталды. 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері мен олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, ал 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық қалған санаттары тапсыра бастайды.

Қазақстанда декларацияларды қабылдау бойынша электрондық сервистер жұмыс істейді: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» арнайы мобильді қосымшасы.

Жыл сайын электрондық базалар жетілдірілуде, сондықтан азаматтарға Қазақстанның мемлекеттік органдары мен банктерінде тіркелген мүлкі мен активтері туралы мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ.

«Басталған жұмысты бекітілген мерзімдерге сәйкес орындап, жалпыға ортақ декларациялауды енгізу бойынша халыққа түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу қажет», - деді А.Мамин.

Хабар 24 телеарнасы