«Еңбек» бағдарламасы ұлттық жобаға айналады

Биыл елде 1 млн 200 мың адам жұмыспен қамтылады.

Оның 700 мыңы «Еңбек» бағдарламасымен. 32 мың адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы және 440 мың адам өзге мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасады. Биыл үш айдың ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 158 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 53%-і жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындар және субсидияланатын жұмыстарға орналасты. 32%-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Бірінші шілдеден бастап «Еңбек» бағдарламасы Ұлттық жобаға ауыстырылады. Осының аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде ақшалай табыс 27, еңбекақы 304 мың теңгеге көтеріледі. Жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ке төмендетеді. Қазір елде жұмыссыздық деңгейі 4,9%.

Сондай-ақ...