427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 250 отбасына киім-кешек таратылады

  • 57
  • UPD: 16:05, 30.04.2021
Алматыда 250 отбасына киім-кешек таратылады Inform.kz

Жергілікті кәсіпкерлер Рамазан айында осындай игі істі қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар көпбалалы отбасылар мен әлжуаз топқа жататын жанұяларды жаздық киімдермен қамтамасыз етпек. Бұл шара «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясының аясында ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде өтетін акцияға қатысушылар саны да артып келеді. Ал ораза кезінде демеушілік жасасам дегендердің қатары тіпті көбейген. Сатып алынған заттарды үлестіруге волонтерлер атсалысады.

Нәзира Тоғызбаева, қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы:

– 360 мыңнан аса киімді аудандарға таратамыз. Көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, содан кейін мүгедек балаларды асыраушыларға таратылады.

Хабар 24 телеарнасы