«QazVac» вакцинасы сауда орталықтарында салына бастады

«QazVac» отандық вакцинасы Алматыдағы ірі сауда үйлері мен үлкен базарларда да салына бастады.

Қазақстандық вакцинаны салу қаладағы емханаларда кешеден бері басталған еді. Жалпы, Алматыда 6 мың доза «QazVac» екпесі бар. Бұл 3 мың адамды вакциналауға жетеді. Дәрігерлердің айтуынша, отандық екпенің ресейлік «Спутник V-ден» көп айырмашылығы жоқ. Вакцина алған соң жарты сағат дәрігердің бақылауында болады. Одан кейінгі үш күннің ішінде дене температурасы көтеріліп, тұмауға ұқсас белгілері болуы мүмкін.

Гүлзат Байзақова, қалалық № 5 емхананың бөлім меңгерушісі:

– Вакцинаны алғаннан соң, организмде антидене түзіліп, кейін 14 күн карантинде отырудың қажеті жоқ. Ол жұқпалы емес. Күнделікті қалыпты жұмысына бара алады.