БҚО тұрғындары отандық вакцинаны салдыра алады

QazVac отандық вакцинасы Батыс Қазақстан облысына да жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакциналау бекеттерінде бірінші және екінші компонентті 2000 доза вакцина бар. Тұрғындар ертеңнен бастап отандық вакцинаны салдыра алады. Сондай-ақ «Спутник V» препаратын да таңдауға болады. Оның 1 ампуласы бір адамға есептелген. Ал екінші компоненті 21 күннен кейін салынады.

Облыста 30 мыңға жуық адам екпенің бірінші компонентін салдырған. Эпидемиологтардың айтуынша, отандық немесе ресейлік екпе салдыру жағын тұрғындардың өздері таңдайды.

Алмагүл Мантақова, облыстың штаттан тыс бас эпидемиолог дәрігері:

– Аталған өндірушінің вакцина өндірісіндегі тәжірибесі өте мол. Жыл сайын аса қауіпті инфекцияларға қарсы 28 миллион дана вакцина шығаратыны соған дәлел. Егер «Спутник V» вакцинасын тек мұздатылған күйде алып жүру керек болса, отандық екпені +2 немесе +8 секілді қалыпты температурада сақтауға мүмкіндік бар.

Бұған дейін осы өңірде блокпост қойылатынын хабарлағанбыз.