СҚО-да елік пен маралдардың өлексесі табылды

Бұл осы өңірдегі «Красный бор» мемлекеттік өндірістік аумағында болған жағдай.

Мұнда наурыз айында 20-дан аса жануар өлген. Соңғы санақ бойынша қорықта 4 жарым мың марал, сібір еліктері мен қабандар бар. Былтыр түз тағыларын бағып-қағуға 9 млн теңгедей қаржы бөлінген.   

Николай Гусельников, «Красный бор» КММ директоры:

– Жануарлардың өлімі бұған дейін де болды. Оның бірінші себебі – ауа райы. Биыл қыс қатты болып, қар көп жауды. Екіншісі – жабайы иттер. Биыл бір күнде жетеуін атып өлтірдік. Әйтпесе, жем-шөптері жеткілікті. Шаруалар да көмектесіп тұрады.

Ерлан Тәшімов, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Әлеуметтік желідегі бейнеде еліктердің қан-жоса болып жатқаны көрініп тұр. Яғни, оларды жабайы иттер талап кеткен. Облыс бойынша бұдан бөлек тағы 10 жануар қырылды. Қазір прокурорлардың нұсқауымен тексеріс басталады.