429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда вакциналауға арналған жылжымалы кешен жұмысын бастады

  • 93
  • UPD: 17:53, 27.04.2021
Павлодарда вакциналауға арналған жылжымалы кешен жұмысын бастады Sputnik Казахстан

Павлодар облысында коронавирусқа қарсы QazVac және «Спутник V» вакцинасының ірі көлемі жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бүгін темір жол вокзалының алдында жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Вакцина салдыруға ниет білдіріп, кезекке тұрғандардың қарасы қалың. 

Ақпан айынан бері облыста 26 мың 720 екпе жасалған. Жеті мыңдай адам екінші компонентін алған.

Павлодар облысы қайтадан «қызыл аймаққа» кірді. Соңғы тәулікте ауру жұқтырудың 87 оқиғасы тіркелді.

Татьяна Соколова, зейнеткер:

– Мен адамдардың бәріне екпе салдырыңдар деп айтқым келеді. Сонда ғана бұл індеттен құтыламыз. Бетперде киіп жүрудің өзі қолайсыз. Шаршатып жіберді. Менің барлық туыстарым вакцина салдырды.  Кейбіреуі екінші кезеңінен өтті. Өзімді қазір жақсы сезініп отырмын. Екпеден қорқудың қажеті жоқ.

Айдар Ситқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қала бойынша әзірге жалғыз жылжымалы кешен жұмыс істейді. Біз оның жүктемесін байқап көреміз. Егер сұраныс болмаса, оны қоюдың қажеті жоқ. Қазір халық көп жүретін жерлерге шатыр тігуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қалалық әкімдікпен келіссөздер жүріп жатыр. Шатырлар ірі сауда үйлерінің алдына, Орталық жағалауға қойылуы мүмкін. Дәл қазір сауда үйлерінде стационарлар бар. Бірақ түкпірде орналасқан. Сондықтан тиімділігі аз болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы