429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқаш көлінде көкбас балығы көбейеді

  • 82
  • UPD: 19:56, 27.04.2021
Балқаш көлінде көкбас балығы көбейеді

Халық арасында «Балқаш маринкасы» деген атпен әйгілі балықтың бұл түрі өткен ғасырдың 80 жылдары көлден жоғалып кеткен.

Қазір тек Тоқырауын өзенінде ғана бар. Бірақ ол тым ұсақ дейді мамандар. Ал көлді мекендейтін көкбас ірі келеді, тұқы тұқымдасына жатады, әрі еті де майлы екен. Тіпті, қиын-қыстау жылдары ата-бабаларымыз балықтың осы түрін кептіріп, пеш жаққан көрінеді. Қазір мамандар Қызыл кітапқа Балқаш көкбасын көбейту жобасын қолға алды. Ол үшін арнайы бассейн де салынған.

Ольга Шарипова, Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының балқаш қалалық филиалының зертхана меңгерушісі:

– Балықтың бұл түрін өсірудің қандай да бір технологиясы жоқ. Әсіресе, индустриалды жағдайда. Біз мұны алғашқылардың бірі болып қолға алдық. Олардың өндірісті ортаға тез бейімделуін тексеріп, соған сәйкес азық пен температуралық-гидрохимиялық режимді таңдау қажет. Ең бастысы, бұл жерде біз маринканың өсуін жіті бақылап, қажетті жағдайдың барлығын қамтамасыз ете аламыз.

Хабар 24 телеарнасы