Үстірт арқарын атқан екі полицей жұмыстан қуылды

Күдіктілердің Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы екендігі расталды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, браконьерлікпен айналысқан тәртіп сақшылары 23 сәуір күні «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аумағында ұсталған. Жалпы бұл көлікте 4 адам болған. Оқ-дәрілерімен қоса аңшы қарулары да тәркіленген. Сол маңнан дала жануарының денесі де табылған.

Әйгерім Ибадуллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Бұл оқиғадан кейін екі қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде-бір фактісі жазасыз қалмайды. Құқыққорғау органдарының қызметкері болуын қарамастан жазаланады. Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ.