Алматыда коронавирустың британдық штамы көбейген

Мұны арнайы ғылыми зерттеу анықтады.

Алдағы аптада даниялық және бразилиялық, сондай-ақ оңтүстікафрикалық штамдар бойынша арнайы зерттеу жұмыстары басталады. Себебі бұл штамдардың да таралу қаупі өте жоғары дейді Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері. Қалада соңғы тәулікте 689 адамнан вирус анықталған. Індетке байланысты христиандардың Ата-аналар күніне орай зират басына баруына тыйым салынды. Басқа да мерекелер тойланбайды. Әзірше карантин талаптарын жеңілдетпейміз. Бірақ локдаун да болмайды деді Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

– Қазіргі таңда індетті жұқтырушылардың қатары азаймай тұр. Дегенмен мамыр айының аяғына қарай қауіптің қара бұлты сейіледі деген болжам жасап отырмыз. Өйткені қазір тек елімізде ғана емес, Алматы қаласында вакцина алушылардың қатары көбейіп келеді. Індетпен күресудің жалғыз жолы осы вакцина екені белгілі. Ендеше екпе алушылар көбейіп жатса, вирустың таралуы да азаяды деген ойдамыз.