БҰҰ даму бағдарламасы елімізге 5 жедел жәрдем көлігін тарту етті

Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдауға арналған техника заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған.

5 көліктің екеуі орталықтың Алматыдағы филиалына жіберілсе, үшеуі елордада қалады. Олардың әрқайсысының бағасы – 40 мың АҚШ доллары шамасында.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігіне түрлі салада қолдау көрсетіп келеді.

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

– Ауыр халдегі, басқа өңірлерден ұшақ арқылы келген науқастарды осындағы республикалық деңгейдегі медициналық орталықтарға жеткізу үшін немесе пациенттерімізді ұшақ арқылы басқа өңірлерге жеткізу, сонымен қатар тек ауруларды емес, беделді мамандарымызды аурумен бірге басқа өңірлерге ұшақ арқылы жеткізу үшін керек.