Елімізде алтын шығару 13% артты

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде құрамында алтыны бар кендерді өндіру 7,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,4% артық, деп хабарлады energyprom.kz.

Өндірістің 79,3%-і елдің үш аймағына тиесілі: Ақмола, Қарағанды ​​және Шығыс Қазақстан облыстары.

Алтын концентраттарын өндіру өз кезегінде 25,9% өсіп, 124,8 мың тоннаға жетті. Өндірістің барлық көлемі екі облыстың үлесіне тиді: Шығыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары.

Өңделмеген және жартылай өңделген алтын немесе ұнтақ түріндегі алтын шығару 29,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3% артық.

Сондай-ақ...