Елімізде үш облыс «жасыл аймақта» тұр

28 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары «қызыл аймақта» тұр.

«Сары аймақта»: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары орналасқан.

«Жасыл аймақта»: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.