429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда карантин күшейтіледі

  • 85
  • UPD: 14:05, 28.04.2021
Таразда карантин күшейтіледі

Алматыда жанармай бекетінің үш қызметкері уланып қалды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оларды метан газынан уланды деген болжам айтып отыр.

Айта кетейік, кеше кешкілік үш азамат судың есептеу көрсеткіштерін алу үшін жанармай бекетінің аумағында орналасқан су желілері бар құдыққа түскен. Сол жерде жағдайлары нашарлаған оларды республикалық жедел-құтқару жасағы, қалалық «109» құтқару қызметі мен жедел жәрдем бригадасының өкілдері құтқарып алды. Есінен танғандар жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, олар ауруханаға естерін жоғалтып, мидың зақымдану клиникалық белгілерімен түскен. Мәселенің мән-жайы тиісті зерттеуден соң белгілі болады.  

Руслан Қасыбаев, қалалық ТЖД басшысы:

- Авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды альпенистік құралдармен шағарып алды. Дереу жақын маңдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізіліп, зардап шеккендер барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы