Түркістанда тауық еті арзандады

Естеріңізде болса, жыл басынан бері өңірде тауық етінің бағасы күрт көтерілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай аймақтық бәсекелестікті қорғау департаменті мамандары өңірдегі жалғыз тауық етін өндіретін кәсіпорынға монополияға қарсы талдау жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде жыл басынан бері тауықтың сан еті бағасының 9%-ке дейін өскені анықталды. Бағаның өсу көрсеткішін ескере отырып, департамент өкілдері тауық етін өндіретін серіктестікке бағаны белгілеуде бәсекелестік заңнамасын бұзғаны туралы арнайы нұсқама жіберген.

Данабек Махатов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департамент басшысының орынбасары:

- Облысымыздағы тауық етін өндіруші «Инфрастрой ЛТД» ЖШС-не 2 сәуірде негізсіз бағаны өсіру бойынша хабарлама жіберілді. Қазіргі таңда ЖШС «Инфрастрой ЛТД-дан» хабараманы орындап, негізсіз бағаны көтермеу туралы хат келді. Алдағы уақытта осындай заң бұзушылықтарға бармайтыны туралы негіздеме жасады.