Өскемендік зейнеткерлер вакцина салдырып жатыр

Өскемендіктер короновирусқа қарсы вакцинаны жаппай алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жасы егде тартқан адамдар ерекше белсенділік танытқан. Жақында 82 жастағы ақсақал вакцина алса, бүгін 89 жастағы тыл ардагері Виктор Чернявских келді. Дегенмен, дәрігерлер жасы үлкен адамдарға вакцинаны арнайы емханаларда алуға кеңес беріп отыр. Яғни, екпе егілмес бұрын денсаулығын мұқият тексерткен жөн. Ал, аймаққа бүгінге дейін қазақстандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді. Жалпы 72 мыңнан аса тұрғын ковидке қарсы екпе алған. Басым бөлігі аға буын өкілдері.

Рая Рахимова, емхана меңгерушісі:

- Ең жоғарғы жастағы ол 89 жастағы адам. Басында кішкене қорқақтадық 89 жастағы адам қалай болады екен деп. Бірақ екінші компонентінде жақсы қабылдады. Менің айтайын дегенім, үлкен адамдар қант диабеті және қосымша диагнозы бар адамдарға өте қиын. Ауырған уақытта. Вакцинаны біздің өзімізде 915 доза түскен еді. Оның 815 тен астамын жасап қойдық. Ешкімнен де қатты жағдай байқаған жоқпыз.