«Хабар» арнасы «Ардагерлер ерлігі» акциясын биыл да жалғастырады

Биыл Жеңіске 76 жыл! «Хабар» телеарнасы былтырғы ерекше акцияны биыл да жалғастырып, майдангерлер туралы сырға толы мәліметтер жариялайды.

Жобаға қатысу үшін әр адам соғыста болған әкесі, анасы, атасы яки әжесі жайында дерек жазып, суреттерімен «Хабар» арнасының сайтына жүктеуі керек. Немесе әлеуметтік желілерде

«Ардагер Ерлігі», «Ваши подвиги не забыты», «Хабар помнит» хештегімен жариялай алады. Ерекше оқиғалар эфирден көрсетіліп, «Хабар» телеарнасының сайтына шығады.