Бір жылдан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пилоттық жоба сыналды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлағандай, телефон арқылы бақылауға алынғандардың 95 проценті жақсы тәртіп көрсеткен. Ал ерсі қылық танытқандарға арнайы электронды браслет салынады. Ол арқылы тәртіп сақшыларына бірден белгі түсіп отырады. Бүгінге дейін елдегі түзеу мекемелерінен босап шыққандар мен шартты түрде сотталғандар мекенжайы не жұмыс орны бойынша тексерілетін. Сондай-ақ олар айына бір рет қылмыстық-атқару жүйесі органдарында белгіленіп отыруы тиіс болды. Қазір пробациялық қызмет есебінде 32 жарым мыңнан аса адам бар. Соңғы үш айда оның 1000-нан астамы тәртіпке бағынбауымен көзге түскен.