«Қара бүркітке» қамалғандар

Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар үшін Қазақстанда тағы бір мекеме ашылуы мүмкін.

Мұнда педофилдер, маньяктар, каннибалдар мен террористер қамалады. Ал қазір аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар Қостанай облысындағы «Қара Бүркіт» түрмесіне тоғытылып жатыр.

Жасын Біркенов, тілші:

- «Қара бүркітке» қамалған 386 қылмыскер бас-аяғы 500-дей адамның өмірін қиған екен. Аса қатыгездікпен кісі өлтіргендер бұлар.

Темір торға тоғытылғандардың 150-і – өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар. Жазасын өмір бақи өтейтіндер үшін мұнда 200 орын бар. Бұл аз десеңіз...

Нұрбек Кабдикаримов, УК-161/3 мекемесінің бастығы:

- Заңнамада басқа облыстарда өмір бойы бас бостандығынан айыру мекемелерін ашу жоспарланып отыр қазіргі таңда.

Қоғамда резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарға қатысы барлар да осында. 14 шекарашы мен қорықшыны өлтірген Владислав Челах, 7 жастағы Виктория Ганяны зорлап, кейін өмірін қиған педофил Денис Лесников, Ақтөбеде тапатал түсте әскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған террористер, сондай-ақ...

Нұрбек Кабдикаримов, УК-161/3 мекемесінің бастығы:

- Бұл жерде резонас тудырған санитарлар да бар. 90-жылдардың соңында Алматы тұрғындары үрейге ұшыраған. Санитар ретінде киініп, қарақшылық қылмыстар жасаған, адам өлтірген. Бұлар жеңіл жүрісті қыздарды өлтіріп, солардың еттерінен тұшпара жасаған, жеген. Каннибалдар ғой былайша айтқанда. Адам жегіштер.

«Қара бүркіт» түрмесі туралы арнайы репортажды «Тексердік» бағдарламасынан бүгін күндізгі сағат 13:30-да және кешкі сағат 17:30-да және 21:30-да көре аласыздар.

Ж.Біркенов және Роман Репченко