Елордадағы ботаникалық баққа мейрамхана салынбайды

Елордада қоғам пікірін екіге жарған мәселенің нүктесі қойылды.

Аслан Қаженов, тілші:

- Қазір құрылыс аумағы тым-тырыс. Ешқандай қарбалас байқалмайды. Мүмкін біздің келгенімізді білде ме, әлде басқа себеп болды ма, әйтеуір құрылысшылар көрінбейді. Ал өткен күзде бұл жер астаң-кестең болып жатқан. Қоғамдық пікірталас туындауына да сол себеп.

БЛИЦ:

- Мен таңқалдым. Не салынып жатыр деп. Әдейі жақындап келе жартырмын. Фитнес клуб болса, маған ұнайды. Ал кафе, басқа нәрселер болса, қарсымын.

- Паркке таза ауа жұтуға шығамыз. Енді ақшасы барлар сол жаққа барады. Ешкім қарсы емес. Биыл карантин бітсе, жақсы болар еді. Менің ойымша дұрыс.

Бұл спорттық нысанға қатысты. Ал жоспардағы мейрамханалар салынбайды. Бұл жөнінде Есіл ауданының бізге берген эксклюзивті сұхбатында әкімі мәлімдеді. Оның айтуынша, көпшілік пікірі негізге алынып, осындай шешім қабылданған.

Берік Жакенов, Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының әкімі:

- Алғашқы жоспарда ботаникалық бақ аумағында 4 нысан құрылысы көзделген. Соңғы даму жоспарында тек бір нысан қалды. Ол спорттық кешен. Мейрамхана салмау туралы шешім бұл жергілікті тұрғындардың пікіріне байланысты болды. Алдағы уақытта бұл жерде болмайды.

Айта кетейік, ботаникалық бақ екі аумақа бөлінеді. Ішкі бөлігі өсімдік әлеміне зерттеп, ғылыми жұмыстарын жүргізуге, сыртқы бөлігі спорттық-сауықтыру бағытына арналған. Осы мақсатқа сай емес басқа да нысандарға не шараларға жол жоқ деді жауаптылар.

АсланҚаженов, Ерзат Зайытхан