«Ардагер ерлігі»: кез келген адам соғысқа қатысқан жақынының ерлігімен бөлісе алады

Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл! Бейбіт күнді жақындатқан ержүрек батырларымыздың ерлігі ұмытылмауы тиіс, керісінше ұлықталуы керек.

Осы ретте «Хабар» Агенттігі Жеңіс күніне арналған дәстүрлі шарасын қайта жалғастырады. «Ардагер ерлігі» атты арнайы шара аясында кез келген адам Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жақынының ерлік жолы туралы айтып бере алады.

Ұсынымдар «Хабар» сайтында қабылданады.

Толығырақ ақпаратпен мына жерден танысуға болады.