429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зияткерлік меншікті қорғап, қалай табыс табуға болады?

  • 59
  • UPD: 15:10, 29.04.2021

Жекеменшік инвестициялар шығармашылық жобаларды тиімді қаржыландыратын ортаны қалай құруға болады?

Креативті индустрия, бизнес және билік өкілдері Мәскеуде өткен IPQuorum халықаралық форумында осындай сауалдарға жауап іздеді.

IPQuorum - зияткерлік меншік нарығын дамыту мақсатымен жыл сайын өткізілетін халықаралық форум. Себебі қазір креативті индустрия экономиканың басты қозғаушы күшінің біріне айналған. Кино, музыка арқылы табыс табудың тиімділігі артқан. 

Данат Жумин, креативті институттарды дамыту жобалық кеңсесінің басшысы:

- Біз қазір үкімет тапсырмасымен креативті экономиканы дамыту тұжырымдамасын дайындап жатырмыз. Оны көптеген ресми құжаттан кездестіруге болады. Бұл саланың ел экономикасына пайдасы зор екенін түсіну қажет.

Ернар Құрмашев, Қазақстан креативті кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы:

- Қазақстанда әлемге Иманбек, Димаш Құдайберген сынды әлемге танымал жастар шықты. Олар мемлекеттің қолдауынсыз танылды. Біздің зерттеулер осындай ортаның әлеуеті зор екенін көрсетіп отыр. Егер мұндай шығармашылық топтарға қолайлы жағдай жасалса, ел экономикасына ықпалы көп болар еді.      

Форумда зияткерлік меншік, билік және бизнес өкілдері шығармашылық кәсіпті қаржыландыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар банктерді осы салаға тарту мәселесі де қарастырылды.

Сергей Матвеев, зияткерлік меншік федерациясының президенті:

- Қазақстан мен Ресей креативті индустрияға көптеп инвестиция құйып жатыр. Бірақ оның пайдасын өзге елдер көруде. Бұл өзекті мәселе. Сондықтан креативті индустрияның өзге емес өз еліміздің экономикасына пайда әкелуі үшін экономика құрылымын қалай өзгерту керектігін ойлану қажет.

Сарапшылар шығармашылық индустрия дұрыс жолға қойылса, елге қомақты табыс әкелетін саланың біріне айналар еді дейді.  

Дана Нуржан, Шахзод Гамиров

Хабар 24 телеарнасы