Жамбылдықтар вакцина алуға асығар емес

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны баяу өтіп жатыр.

Әсіресе, Мойынқұм, Шу, Мерке аудандары мен Тараз қаласындағы №9 емханада белсенділік төмен. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Облыста 37 егу бөлмесі жабдықталған. Мұнда вакцинаның алғашқы компонентін 40 мың адам салдырды. Ал аурудың таралуы азаймай тұр. Күніне 300 ден астам адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталады. Сондықтан облыс орталығы «қызыл» аймақта тұр. Енді Таразда карантин талаптары күшейеді. Алдағы сенбі мен жексенбіде Сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері, спот кешендері, фитнес орталықтар, сауна, бассейндер жабылады. Қоғамдық орында да, үйде де жұртты жинап, бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған.