Алматы облысындағы атыс-шабыстан кейін полицейлер қызметінен босатылды

Естеріңізде болса, Райымбек ауданында тәртіп сақшысы әріптесімен сөзге келіп, оған тапаншадан оқ атқан еді.

Мықынынан жарақат алған учаскелік инспектор ауруханаға түскен. Қазір оның жағдайы бір қалыпты. Қызметтік тексеру жүргізіліп, екі тарап та жұмыстан қуылды. Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметінен кетті. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Ақбота Әзірбек, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен тексеру жүргізілді. Қазір бұл факт бойынша ҚР кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ департамент басшысының қолға алуымен бірнеше лауазымды тұлға жазаланды. Қақтығыс шығарған қызметкерлер теріс себептермен жұмыстан шығарылды.