429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында 130 әйел «Аңсаған сәби» бағдарламасымен квота алды

  • 79
  • UPD: 15:44, 29.04.2021

Биыл Маңғыстау облысына «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасымен 267 квота бөлінді.

Былтыр олардың саны бар-жоғы 47 болатын. Жыл басынан бері 130 ерлі-зайыптыға осындай квота бұйырған. Бір қуантарлығы, олардың 20 проценті балалы болды.

Маңғыстау өңіріне биыл бөлінген квота саны былтырға қарағанда 7 есе көп. Мұны естіген жұбайлар жапа-тармағай кезекке тұрып жатыр. Гүлжанардың бөпелі бола алмай жүргеніне 10 жылдан асыпты. Бағына қарай, жуырда бұл отбасыға квота бұйырды.

Гүлжанар, қала тұрғыны:

- Жеке қаражатпен барсаң, кем дегенде 2 млн-дай кетеді. Бүгінгі таңда бізге барлығы тегін қарастырылған. Алдағы уақытта Алматы қаласына барып, сол жақта функция жасатам. Бұйырса жақсы жаңалықпен ораламын деген үміттемін.

Жалпы аймақ бойынша мемлекеттік квотаға үміткер отбасы саны 600-ге жетіп қалды. Биыл тең жартысына жуығы жасанды жолмен жүкті болуына қажетті қаржылай қолдауға ие болып отыр.

Назгүл Диханова, қалалық емхананың репродуктолог-дәрігері:

- Осылайша, көмек алуға келгенімен өкінішке қарай, ерлі-зайыптылардың жасы не болмаса бірінің денсаулығы жарамай қалып жатады. Заң бойынша әйелдің жасы 42 аспауы керек. Оның табиғи жолмен сәби сүйе алмауы ескеріледі. Осы тектес талаптарға сай келетін жағдайда ғана квота беріледі. 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі ерлі-зайыптылардың 20 пайызы бала сүйе алмайды. «Аңсаған сәби» жобасы аясында «ЭКО» бағдарламасына квота саны көбейді. Нақты айтсақ, 7 мың отбасы экстракорпоралды ұрықтандыру әдісін қолданып, балалы болуға мүмкіндігі бар.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы