429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құтқарылған итбалық төлі теңізге жіберілді

  • 71
  • UPD: 16:19, 29.04.2021
Құтқарылған итбалық төлі теңізге жіберілді

Құтқарылған итбалық төлі теңізге жіберілді, деп хабарлады lada.kz.

28 сәуірде Құлалы аралында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген «Pusa caspica» итбалығының төлі Каспий теңізіне жіберілді.

Итбалық наурыздың соңында ауыр жағдайда табылған болатын.

Әлсіреген итбалықты Баутино ауылында жергілікті тұрғындар 2021 жылы 29 наурызда тауып алды. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған. Оның салмағы 4 келіден сәл артық болды.

Құтқару жұмыстарын Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Жағалау күзеті дивизионымен бірлесіп «Қалқан» шекара катерінде жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы