427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауған соғысы ардагерлері ісі жөніндегі комитет қажет – Б.Смағұл

  • 71
  • UPD: 17:34, 29.04.2021
Ауған соғысы ардагерлері ісі жөніндегі комитет қажет – Б.Смағұл

Ардагерлерге деген көзқарас құрметпен қатар әлеуметтік әділеттілікке негізделуі тиіс. Осыған байланысты олардың ісімен мемлекеттік деңгейде айналысатын уәкілетті орган қажет.

Бұл туралы бүгін ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының Орталық Кеңес отырысында сөз болды.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, шыққанына 1 жыл болған «Ардагерлер туралы» Заңды әлі де жетілдіру керек. Қазіргі өзгертулер мен толықтырулар туралы арнайы ұсыныстар әзірленген.

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың айтуынша, алдағы уақытта әскери салада ардагерлер саны күрт артуы мүмкін. Осы себепті жеке комитет құрылу қажет. Мәселен, қазіргі заңда ардагерлерге қатысты мемлекеттік саясатты жүргізетін уәкілетті орган туралы норма жоқ. Салдарынан оларды әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздері ілгері баспай жатыр.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тәжік-ауған шекарасында болған азаматтарға ардагерлер санатындағы мәртебе берілгендіктен аясы кішкентай госпитальдің ішінде 700-ден астам адам қайтадан келіп жатыр. Ал олардың дәрі-дәрмектері, олардың шығындары, көп нәрсе қарастырылмаған. Сондықтан да осы түйткілді мәселе болуға тиісті. Ал егер осы біздің ардагерлерімізді өзге де бір ұйымдар немеме делдалдар неше түрлі жағдайға итермелеп, солардың сөзінде жаман атқа қалмауы үшін бір жүйеде болып жатса, бір жағадан бас шығарып жатса, біздің еліміздің болашағы үшін ардагерлерге деген лайықты құрмет қалыптасады.

Хабар 24 телеарнасы