Өкпенің қатерлі ісігі елімізде кеш анықталатын аурудың түріне айналған

Қазақстанда жылына 3,5 мың адам өкпенің қатерлі ісігіне шалдығады. Оның 6 проценті ғана бастапқы кезеңінде анықталады.

Ертерек ем бастағандар бір операциядан кейін жазылып кетуі мүмкін. Тіпті химиялық емдеу қолданылмайды. Ал екінші, үшінші кезеңдерде күрделі ем алуға тура келеді. Біраз қаражат жұмсалады. Бірақ нәтиже қуанарлықтай емес. Онколог дәрігерлер осылай дейді.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізді. Мұнда әлемнің тәжірбиелі мамандары өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау жолдарын талқылады.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, әлемде өкпе рагын ерте анықтау жағы ақсап тұр. Сондықтан дәрігерлер дерттің алдын алу үшін міндетті өкпе скринингін енгізуді ұсынды. Дерт ерте кезеңде анықталса, бір адамды емдеуге 500 мың теңге кетеді. Ал асқынған жағдайда бір науқасты емдеуге 10 миллион қаражат жұмсалады.

Нұрлан Балтабеков, Қазақ онкология және радиология ғзи бас дәрігерінің орынбасары:

- Өкпе рагын Қазақстан бойынша ерте анықтау өте нашар. Біз Шығыс Қазақстанда, Павлодарда, Қостанайда пилот ретінде мынадай үлкен зерттеу жасадық. Темекі тартатын адамдар, 50 жастан асқандар, үлкен зауытта, үлкен шахталарда істейтін оларға біз низкодозный КТ жасадық. Екі мың адамға КТ жасадық 80 адамда патология таптық. Ішінде 20 адамда рак шықты. Ракты емдеу үшін ерте анықтау керек.

Сондай-ақ...