427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан көшелеріндегі жолдың неліктен сары жолақпен сызылғаны белгілі болды

  • 71
  • UPD: 21:42, 29.04.2021

Елорданың бірнеше көшесінде сары жолақтар пайда болады. Бұл пилоттық жоба. Негізгі мақсат жол-көлік оқиғасын азайту.

Сары жолақтар. Бұған дейін бұларды көлік тұрағына тыйым салынған аумақтардан ғана көріп жүрдік. Енді елорданың біраз көшесінен байқайтын боласыз. Канада, АҚШ, Ресейде тиімділігін көрсеткен халықаралық тәжірибе біздің елімізге жетті. Жаңашылдықты енгізген мамандар жол-көлік оқиғасы азаятынынан үмітті

Елжан Чупеков, қалалық әкімшілік полиция басқармасының  басшысы: 

- Сары түс жүргізушіге жақсы көрінеді. Біздің қысты білесіз ғой. Қалың қар, боран, көктайғақ болып жатса, сары түсті бірден байқауға болады.  

Нейропсихологтар да осындай пікірде. Сөйтсек, сары түс адам миына төнген қауіпті ескертіп тұрады екен.

Зарина Штеер, нейропсихолог:

- Тарихқа үңілсек, алғашқы адамдар үшін сары түс қауіптің белгісі болған. Сары өсімдіктер улы деп саналған. Сары түсті жануарлар да адам үшін қауіп төндіреді деген түсінік болды. Бұл миға сіңіп қалған десе де болады. Яғни сары түс біздің назарымызды аударар күшке ие.

Енді жолдардағы ақ түсті жолақтар сарыға боялатын болады. Өйткені дәл сондай жерде жүргізушінің аса қырағылығы қажет. Ал пилоттық жобаға Достық, Қонаев, Жеңіс және Сарыарқа көшелері кіреді. Нәтиже болса, тәжірибе өзге көшелерге де енгізілетін болады. 

Мерей Мұратханқызы, Асхат Ниязов, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы