Елордада сәуірде коронавирустан 104 адам қайтыс болды

Сәуірде елордада қауіпті вирустан 104 адам қайтыс болды. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіштен 5 есе көп. Індет жұқтырғандар саны 4 есе артқан.

Бұл туралы көп салалы медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты. Вакциналауға байланысты өткен дөңгелек үстелде медициналық қызметкерлерге салмақ артқаны сөз болды. Коронавирустан емделіп шыққан науқастардың ағзасы уақыт өте келе сыр береді екен. Тіпті мүгедек болып қалу қаупі бар.

Індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакциналау.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, күн сайын 600-ге дейін вирус жұқтыру дерегі тіркеледі. Қала әлі де «қызыл аймақта». Бүгінге дейін 16 мың адам вакцинаның бірінші дозасын алған.

Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- Үкімет індетпен күресте үлкен жұмыс атқарып жатыр. Қалалық әкімдік те халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салады. 

Абай Байгенжин, медицина ғылымдарының докторы: 

- Осындай эпидемиялық, пандемиялық жағдайларда халық түгелдей бір нәрсені ойлау керек. Ол ұлттың саулығы. Ол үшін өзіне, отбасына, айналаға екпе салуға жағдай жасау.