Павлодар облысына отандық вакцина жеткізілді

Павлодарда жылжымалы медициналық кешендер қаланың 5 аумағында жұмыс істеп тұр. Екпе жасауға арналған уақытша орындар халық көп жүретін жерлерге қойылды. Тұрғындар емханаға барып кезек күткеннен гөрі осындай ашық алаңдардарда вакцина салдыруды ыңғайлы көреді екен.

Мұрат Байтыбаев, қала тұрғыны:

- Бүгін біздің жұмысымыздың қасына мына автобус келіп тегін вакцинация өтіп жатыр. Соған мен келдім ковидке қарсы вакцинаны қоюға. Бізге бұл тегін, жеткілікті. Дәл жұмысымызға келіп қойып жатыр. Мысалы, менің ағам Канадада тұрады. Оларда осындай вакциналар жоқ әлі. Олар кезекте тұрып, көп тосып алып жатыр.

Бүгін Павлодар облысына отандық вакцинаның алғашқы партиясы әкелінді. Екпе жасалатын кабинеттерге препараттың бірінші және екінші компоненттері бөлінеді. Вакциналау пункттерін көбейту жоспарда бар. Қала халқы қоғамдық орындарға, әлеуметтік нысандарға, сауда үйлері мен жылжымалы медициналық кешендерге барып екпе салдыра алады. Жергілікті билік пен бизнес құрылымдары өзара келісімге келген. 

Светлана Гладышева, павлодар қаласы әкімінің орынбасары: 

- Қазір бізде бизнес өкілдерімен ауызша келісімдер бар. Ертеңнен бастап Орталық жағалауда вакцина салына бастайды. Ол қаланың аумағына жатады. Сондықтан меморандум қажет емес.