Жамбыл облысында заңсыз балық аулау тыйылмай тұр

Әсіресе Аса өзенінің Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл аралығында жиілеп кеткен.

«Уылдырық» жедел алдын алу шарасы басталғалы 23 дерек тіркелді. 40 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп, 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Соған қарамастан қаскөйлер заңсыз әрекетін тоқтатар емес. Әсіресе түнгі уақытта жиі шығады. Қазір 8 адамның ісін сот қарап жатыр. Браконьерлер көбінесе қолдан жасалған айыр шанышқыны пайдаланатын көрінеді. Мамандар бұдан балық популяциясына орасан зор зиян келетінін айтып дабыл қағып жатыр.

Болат Асанбеков, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы: 

- Осы кезде мынау балықтар уылдырық шашу мерзімі кезінде саяз жерлерге жылы жерлерге шыға бастайды. Уылдырық шашуға. Массово шыққан кезде қаскөйлер соны пайдаланып, астрагамен әсіресе түнде шығады. Өйткені жарықты жағады браконьерлер ол фанаригін жаққаннан кейін балық светке келеді. Және балықты көру ыңғайлы болады түн уақытысында. Күрес жүргізіліп жатыр. Алайда ауылды жерде болғаннан кейін енді жұмыссыздық шығар. Көп жерлерде осындай қаркөйлікке барады.