Төлеби ауданындағы диқандарға қолдау қажет

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы шаруалар топырақтың құнарлығын сақтау үшін ауыспалы егістікке баса мән беріп, майлы дақылдар егуді қолға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға мемлекет тарапынан субсидия берілсе… Сонда жер емген диқандардың табысы артып, өнімділік еселене түсер еді. Әйтпесе, қазір техниканың қосалқы бөлшегі де, жаңа техниканың өзі де қымбат. Оған қарапайым шаруаның қолы жете бермейді». Бұл диқандардың өтініші.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Талғат Сейданов басқаратын өндірістік кооперативтің құрамында 450 үлескер бар. Барлығымен жерді бірлесіп игеру туралы жеке дара келісімшарт жасалған. Жылдық үлесті күздік егін орылғаннан кейін есептеседі. Кооперативтің 3 мың гектар жері бар. Шауралар биыл 500 гектарына арпа, 1500-іне бидай, қалған мың гектарына мақсары дақылын егуді жоспарлап отыр. Алайда қазір диқандарды төленетін субцидияның тоқтауы мен ауыл шаруашылығы техникалары бағасының қымбаттауы алаңдатады.

Талғат Сейданов, өндірістік кооператив төрағасы:

- Ауыл шаруашылығы болғанан кейін мемлекет тарапынан субциия берілсе, қолдау көрсетілсе, табысымыз молаятыны рас. Мемлекет тарапынан берілетін субцидияның барлығы алынып тасталды. Біздің басты сұранысымыз сол субцидияларды орнына келтіріп, игерілген жердің көлемі, болмаса, өндірілген өнім көлеміне берілетін субцидияларды қалыпқа келтірсе деген басты бір өтінішіміз бар.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Алайда шаруалар қолдау жоқ деп қарап отырған жоқ. Өз қаражаты есебінен жер жыртып, егін салуда. Біз осы субсидия мәселесі бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласып, мәселенің мән-жайын білдік. Жауаптылар 2018 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарына бөлініп келген қаржы енді агроқұрылымның басқа да салаларын қолдауға жұмсалатынын айтады.

Әлібек Плалов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Биылғы жылы тұқым шаруашылығы субсидиялау, тыңайтқыштарды, гербицид, биоагенттерінің құнын субцидиялау бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Яғни, сатып алынған ауыл шаруашылығы техникаларының 25%-ін мемлекет субцидиялап береді. Бұл бағытқа 7 млрд-тан астам қаржы қаралған.

Айта кетейік, 2018 жылға дейін Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын 30 мыңға жуық агроқұрылым субцидия алған. Біз осы орайда Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы шығып, майлы дақыл өсірушілерге төленетін субцидияның қысқарып кетуінің себебін сұрадық.

Айжан Жұмабекова, ҚР АШМ Қайта өңдеу және кооперация басқармасының сарапшысы:

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі 297-бұйрығымен майлы дақылдарды өндірушілерге жұмсалатын шығындарың бір бөлігін субсидиялау алынып тасталған болатын. Алайда қазіргі таңда майлы дақыларды субсидиялау қайта қолға алынды. Қазіргі таңда бұйрық жобасы мемлекеттік органдарда пысықталуда.

Шаруалардың Ауыл шаруашылығы министрлігіне айтар базынасы – мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген жанармай мен минералды тыңайтқыш өз уақытында жеткізілсе дейді. Себебі, жердің өңдеу технологиясын сақтап, құнарлылығы мен өнімділікті арттыруда жанармай мен тыңайтқыштың орны бөлек. Алайда диқандар оны күтіп отырмай, майлы дақылдардың көлемін арттыру арқылы бұл істі өздері жүзеге асыруда.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы