Орыс қызы: Қазақ тілін білмеу ұят

Алматылық Анастасия Михайлова әлеуметтік желі қолданушыларын қазақ тілін үйренуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік тілді еркін меңгерген орыс қызы ана тілін білмейтін қазақтарға үлгі болғысы келеді. «Отандастарымыздың туған тілін білмеуі ұят», деді ол. Өз тәжірибесімен де бөлісті. Тілді меңгеруді шағын жаңылтпашты жаттаудан бастау керек дейді.

Анастасия Михайлова, тіл жанашыры:

- Менің қазақ тілінде сөйлейтін себебім, өйткені менен кішкене болса да үлгі алсын дегім келеді. Қазақша сөйлесеңдерші, өтініш. Ол қиын емес қой, кішкене ғана үйренсеңдер, үйренесіңдер. Осыған қарай 1-2 жаңылтпаш айтып бергім келеді. «Қара қарға қарға қарады» ең оңай жаңылтпаш. Осыны үйреніп алыңыздаршы.