Алексей Цой министрліктің негізгі басым бағыттарын атады

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде ведомство алдындағы негізді міндеттерді атады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және елдің денсаулық сақтау жүйесі тап болған сын-қатерлерді ескере отырып, біз министрлік қызметінің негізгі басымдықтарын қалыптастырдық», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда:

– МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту;

– алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау;

– көлік медицинасын күшейту;

– барлық өңірде ірі заманауи ауруханалар, сондай-ақ инфекциялық стационарлар салу;

– ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету;

– медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру;

– медициналық ұйымдарды кадрлық ресурстармен қамтамасыз етудің 10 жылдық болжамын қалыптастыру;

– медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту ескерілген.

Сондай-ақ...