429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізіледі

  • 57
Қазақстанда төтенше жағдай режимі қандай жағдайда енгізіледі

Бүгін халық алдында есеп беру кездесуінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа локдаун қандай жағдайда енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде төтенше жағдай режимі елімізде қарастырылып отырған жоқ. Заңнамаға сәйкес аталған жағдайды Мемлекет басшысы енгізеді және мемлекеттік комиссияда тиісті шешім қабылданады», - деді А.Цой Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол қандай кезде төтенше жағдай енгізілетінін еске салды. Бұл тұрғыда оны енгізу талабында күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен ауруханалардағы орындардың жүктемесі 70 проценттен асқан кезде ескеріледі.

«Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесіне аса жоғары жүктеме болғанда қатаң шектеу шаралары үшін тиісті шешім енгізіледі», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы