Баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолында жүрген алматылық іздестірілуде

Алматыда ер адам баласымен бірге ойыншық машинамен қала жолдарында жүрді.

Полиция тәртіп бұзушыны іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Адамдардың назарын өзіне аударқан видео әлеуметтік желіде пайда болды.

«Баласымен бірге ойыншық машинамен жүрген адамды кім таниды. Тәртіп бұзушыны білетіндер жазба қалдырыңыздар», - деп жазды желі қолданушылар.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылар әртүрлі пікір жазды.

«Бұл бала өміріне немқұрайлы қарау. Ертең бала әкесін қайталап өзі жолға шығып кетпесіне кім кепіл. Недеген жауапсыздық. Газельдер, жүк машиналары оны көрмейді», - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қазір ойыншық машинамен жүрген адамды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.