102 кәсіпкерлік нысан Ashyq мобильді қосымшасын қолданады

Талдықорғанда Ashyq мобильді қосымшасы 14 сәуірден бастап қолданысқа енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қысқа мерзімде өз тиімділігін көрсете алды. Мәселен, QR-код жүйесі қоғамдық тамақтану орнына кірген 11 адамнан қызыл түс көрсеткен. Бұл коронавирус жұқтырды деген сөз. Сондай-ақ тағы 12 азаматтан сары түс байқалған. Яғни, науқастармен байланыста болғанын білдіреді. Оқшаулау тәртібін бұзғандарға ескерту берілді. Қайталанса, әкімшілік айыппұл салынады.

Гаухар Қаткенова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Қаулылар берілді. Олар туралы мәліметтер полиция бөлімдеріне берілді. Егер олар екінші рет көшеге шығып, үй изоляциясын бұзатын болса онда әкімшілік жаза қолданылатын болады. Қазір 63 бизнес-объектілердің өтініштері бар. Құжаттары дұрыс болатын болса, оларға QR-код беріледі. Қазір 102 кәсіпкер осы Ashyq мобилді қосымшасы бойынша жұмыс жасап жатыр.