Иранның Қазақстандағы елшісі екпе алды

Бүгін Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Саберге және оның отбасы мүшелеріне коронавирус індетіне қарсы екпенің екінші дозасы егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар вакцинаны Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 қалалық емханада алды. Шет елдік дипломатқа «Спутник V» препаратының бірінші дозасын осыдан 21 күн бұрын егілген еді. Айтуынша, екпеден еш жанама әсер байқалған жоқ. Маджид Самадзаде Сабер елімізде ұйымдастырылып отырған жаппай екпе егу науқанына оң баға бере отырып, қазақ халқын вакцинация науқанына белсене қатысуға шақырды.

Маджид Самадзаде Сабер, Иран Ислам Республикасының қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақтан Республикасының билігіне, медицинасы мен дәрігерлеріне толық сенім артамын. Билік өкілдерінің аймақта ковид індетінің ушықпауы үшін тиімді шаралар қабылдап жатқаны қуантады. Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал әлемнің кейбір еліне қарағанда көңіл көншітеді. Вакцинация науқаны бойынша да жақсы нәтижеге қол жеткізді. Оған елде шетелдің де, отандық препараттың да қолданысқа енгізілуі дәлел.

Сондай-ақ...