Еліміздегі өзге мемлекеттердің елшілері вакцина қабылдады

Осыдан бірнеше апта бұрын Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ку Хонг-Сок «Спутник V» вакцинасын қабылдаған.

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі доктор Тило Клиннер де екпе алды. Оңтүстік Корея елшілігінің қызметкерлері екпе егу науқанына алғашқылардың бірі болып белсенділік танытты. Дипломатиялық өкілдер еліміздің індетті жеңуде қолға алған қадамдарын құптап, екпе егу науқаны қоғамдық иммунитеттің пайда болуына септігін тигізетітініне бек сенімді.

Ку Хонг-Сок Корея, республикасының қазақстандағы елшісі:

– Корея Республикасында бір ізге қойылған вакцинация науқанының арқасында шараның оң нәтижесі қазірден-ақ байқалып отыр. Бұл екпе егудің қаншалықты маңызды екенінің дәлелі деп білем. Қазақстанда да Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті бақылауында жүргізіліп жатқан вакциналау шарасы күннен күнге қарқын алып барады. Білуімше, жергілікті халықтың шамамен 6 процентіне екпе егілді. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Тило Клиннер, Германия федеративтік республикасының қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Вакциналау науқаны өте маңызды. Әлемді жайлаған індеттен Германия да, Қазақстан да айтарлықтай зардап шекті. Екпе тығырықтан шығудың жалғыз жолы. Өзім де алғашқылардың бірі болып екпе қабылдадым. Осындай мүмкіндік берілгені үшін алғыс айтамын. Вакцинация елшіліктегі жұмыстың тұралап қалмауына ықпалын тигізді.

Сондай-ақ...