QazVac-ты сынақтан өткізудің үшінші кезеңі шілдеде аяқталады

Алғашқы екі кезеңдегі көрсеткіштерді ескере отырып, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық екпеге уақытша тіркеу куәлігін берген.

QazVac вакцинасына қатысты зерттеулер әлі толық аяқталған жоқ. Алайда ол адам иммунитетін бір жыл бойы сақтап тұрады деп жоспарланған. Сондай-ақ институт базасында тағы 5 түрлі вакцинаның әзірленіп жатыр. Олардың алды көп ұзамай клиникалық сынақтан өткізіле бастайды. Отандық QazVac екпесінің 50 мың данасы өңірлерге жіберілді. Мамыр айында тағы осыншама көлемде вакцина әзірленеді. Маусым мен қыркүйектің аралығында өндіріс айына 500 мың данаға дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек, институттың бас директоры әзірге әлемдегі ешбір вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтпегенін айтты.  

Күнсұлу Закария, ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

– ДДСҰ пандемияға қарап, қатерлі уақытты еске алып екніші фазадан жақсы көрсеткішпен өткен вакциналарға қолданысқа беруге рұқсат беруді сұратқан. Сол себепті көп елдің Денсаулық сақтау министрліктері уақытша тіркеу куәлігін беріп, медициналық қолданысқа вакциналарды жіберіп отыр. Вакцинамыз толық қауіпсіздік және иммуногендік көрсеткен. Институттың есебін, Ұлттық ғылыми сараптама орталығының есебін алатын болсақ, қорытындылар өте жоғары. Ешқандай теріс әсер көрсетілмеген.

Сондай-ақ...