429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр

  • 98
  • UPD: 17:50, 30.04.2021
Атырау облысында вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Атырау облысы орталығында соңғы тәулікте короновирус жұқтырған 80 науқастың 67-сі – қала тұрғыны.

Осыған орай вакцина алушылардың да қатары көбейген. Бір тәулікте 3 мың 170 тұрғын вакцина салдырды. Қазір облыста 36 егу пункті жұмыс істейді. Ауыл-аймақта да вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Атырау облысы Қызылқоға ауданында күніне 30-40 адам ерікті түрде екпе салдырады. Бұған дейін ауданға жеткізілген 710 доза толық игерілген. Өңірге кеше 300 доза вакцина тағы әкелінді.

Айшыбай, Қызылқоға аудандық ауруханасының директоры:

– Бүгінгі таңда барлық біздегі 10 округтен вакцина салатын бөлмелер дайындадық. Бәрі тоңазытқышпен қамтылған. Тасымалдайтын автомобильден қуат алатын термоконтейнер келді. Осы арқылы барлық округтерге бүгін түнімен таратып, таңертең 300 дозаны бастап кетеміз деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы