429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Спутник V» вакцинасының екінші дозасын 45 күннен кейін салдыруға болады

  • 91
  • UPD: 18:25, 01.05.2021
«Спутник V» вакцинасының екінші дозасын 45 күннен кейін салдыруға болады

«Спутник V» вакцинасының екі компонентін егу арасы ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейлік екпенің алғашқы дозасын қабылдаған адам 45 күннен кейін екіншісін салдыра алады. Бұған дейін қос компонент арасы 21 күн еді. Бұл туралы Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Жалпы вакциналау арасы 90 күнге дейін созылуы мүмкін. Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтың 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген. Аталған мәлімдемеге сәйкес «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компоненттері арасындағы интервалдың ұзартылуы иммундық күшке әсер етпейді. Бұл халықты иммундауды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда интервалды ұзарту адамның иммундық күшінің артуына септігін тигізеді. Мұндай шешім вирустың жаңа мутацияларынан қорғану үшін қабылданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы