429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда биыл 50 спорт нысаны пайдалануға беріледі

  • 71
  • UPD: 23:25, 01.05.2021

Алматыда 2023 жылға қарай 200-ге жуық дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл оның 50-і пайдалануға беріледі. Жаттығулар мен сабақ тегін өткізіледі. Осы арқылы мегополисте салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.

Алматы нағыз спорт астанасына айналады. Жергілікті билік шаһардың «2050 даму стратегиясы» мен «Шексіз қала» қағидасын ұстана отырып, бұқаралық спортты дамытуға басты назар аударатын болады.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Балалар кішкентайынан спортпен айналысу үшін біз оларға алдымен жағдай жасауымыз қажет. Барлығы бірдей қаланың әр жерінде орналасқан орталықтарға бара алмайтыны анық. Сондықтан шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуды қолға алдық. Ондай орталықтар жыл бойы тегін қызмет көрсететін болады.

Иә, мұндай нысандар үлкен-кішіге бірдей жыл бойы спортпен айналысуға айналысуға мүмкіндік береді. Мұндай 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қаланың шет аймақтарынан салынады.

Рүстем Байсейітов, қалалық спорт басқармасының басшысы:

- Бұл спорт нысандары бәріне қолжетімді болады. Яғни, тұрғын үйлердің маңында орналасады. Оған кем дегенде 15-20 минутта жетеді. Оқу-жаттығуларын жүргізуге спорт мектептерінің мамандары да тартылады.

Мегополисте спорт кешендерімен қоса, екі теннис орталығы салынады. Оның біреуі 14 кортқа арналған. Сондай-ақ үстел теннисі орталығы мен Азия күрес академиясын ашу жоспарда бар.

Ольга Шишигина, Сидней олимпиадасының чемпионы:

- Қала әкімінің мұндай шешімі кәсіби спортшыларды ғана емес, бүкіл қарапайым халықты қуантып отыр. Бұқаралық спортты насихаттау үшін алдымен осындай кешендер көп болуы керек. Онда спорттық секциялармен қоса, жарыстар өтіп тұрса тіптен құба-құп.

Спорт кешендерінің бірқатары бюджет қаражатына салынады. Тағы бірнешеуі инвесторлардың есебінен бой көтереді.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова

Хабар 24 телеарнасы