429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» – әлемнің түкпір-түкпірінен тәулік бойы ақпарат тарататын бірегей арна

  • 134
  • UPD: 10:50, 02.05.2021
«Хабар 24» – әлемнің түкпір-түкпірінен тәулік бойы ақпарат тарататын бірегей арна

«Хабар 24» арнасының YouTube каналына жазылғандар саны 1 млн-ға жетті.

Бұл хостингтің «Алтын батырмасын» иеленуге мүмкіндік береді. Арнамыздың қандай жаңалықтары YouTube-те көп қаралған.

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- «Күміс батырманы» 2019 жылы қоржынына салған «Хабар 24» небәрі 2 жылдың ішінде көрермендер санын миллионға жеткізді. Тек 2020 жылдың өзінде YouTube-тегі тұрақты көрермендеріміздің қатары орта есеппен 500 000 адамды құраған.

Бүгінгі таңда телеарна материалдарының YouTube-тегі жалпы қаралымы 487 миллионнан асады. Осылайша, «Хабар 24» өзекті жаңалықтар мен оқиғаларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге онлайн және тегін тамашалауға мүмкіндік беріп отыр. Атап өтейік, арнамыздың тікелей эфирін аталған хостингтен тамашалап, көрсетілімді алға немесе кейін айналдыруға болады. Жалпы «Хабар 24» ел ішінен ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен тәулік бойы ақпарат тарататын бірегей арна.

Ғани Тұрғынбеков, «Хабар 24» телеарнасының халықаралық жаңалықтар бөлімінің тілшісі:

- Тәулік бойы хабар тарататын «Хабар 24» арнасы жұртшылыққа тек ел жаңалықтарын ғана емес, жаһандағы өзекті жаңалықтарды да жеткізіп тұрады. Құр жеткізіп қана қоймай, жылдам әрі сапалы түрде ел азаматтарына хабар таратады. Ол үшін әлемнің ондаған елінде тілшілеріміз жұмыс істейді. Халықаралық жаңалықтар бөлімі тағы бар. 1 миллион көремен жинауда әрбір қызметкердің еңбегі бар. Сондықтан «Хабар 24-тің» YouTube-тегі арнасына сіз де жазылып, әлемнің тыныс тіршілігінен үнемі хабардар болып отырыңыз.

Жалпы «Хабар 24-тің» YouTube арнасы 2012 жылдың 19 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында арнаға 300 мыңнан астам видео жүктелген. Телеарнаның эфирінен өткен мыңдаған тікелей эфир, жаңалықтардың толық нұсқасы мен бағдарламалар YouTube желісінде тұр. Атап өтейік, арнамызды жұрттың дені ұялы телефон арқылы тамашалайды. Одан соң теледидар, компьютер, планшетпен көреді. Қазір ай сайын орташа есеппен YouTube-тегі аккаунтымызға 25-30 мың адам жазылады.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Асхат Қарақойшиев, Еран Нысанбай

Хабар 24 телеарнасы